Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай “Ашық есік” күні



         2025 жылдың 28 тамыз күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ашық есік» күні өтті. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, елін-жерін сүюге тәрбиелеу, Ата заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру мақсатында келген көрермендерге «Конституция қоғамның іргетасы» дәрісі мен «Конституцияны қаншалықты білесің?» викториналық сұрақтары қойылды.

     «Ашық есік» күніне Еркінқала орта мектебінің оқушылары, «Болашақ» балабақша тәрбиеленушілері, ЖИТС орталығы қызметкерлерінің балалары, қала тұрғындары мен шетел қонақтары қатысты. Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Ашық есік» күнінде музей ардагері Мақпауза Ғайнелқызы музей жұмысына сәттілік тілеп, алдағы мереке күнімен құттықтады. Музей көрермендеріне экспозициялық залдарды «Жас экскурсоводтар» үйірмесінің қатысушылары таныстырды.