Атырау облысының материалдық емес мәдени мұраларын сақтау және дамыту бойынша жұмыс тобының отырысы



     9 қыркүйек күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Атырау облысының материалдық емес мәдени мұраларын сақтау және дамыту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. ЮНЕСКО сарапшысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманғалиева Меруерт Санатқызының Атырау облысына ресми іссапары аясында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

     Іс-шара аясында өңірдің негізгі материалдық емес мәдени мұра элементтері айқындалып, жаңа мұраны енгізу бойынша ұсыныс талқыланды. Аталмыш шараға мәдениет саласының мамандары мен жұмыс тобының өкілдері, тарихшылар қатысып, ортақ пікір алмасып, алдағы жоспарды нақтылады. Жұмыс тобының негізгі міндеттері – материалдық емес мәдени мұра элементтерін қорғау, дамыту және жан-жақты насихаттауға арналған тиімді өңірлік механизмдер құру. Материалдық емес мәдени мұра ауызша дәстүрлерді, орындаушылық өнерді, халықтық рәсімдерді, дәстүрлі білімдерді, қолөнерді қамтиды. Бұл элементтер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлттық бірегейлікті және мәдениеттілікті қалыптастырады. Сондықтан да, осы бағыттағы жұмыстар өңір мәдениетіндегі элементтерді сақтауға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік бірлікті нығайтуға, мәдениетпен толық танысуға және жергілікті қауымдастықтардың тұрақты дамуына ықпал етеді.