Соғыс және еңбек ардагері Тұрдығали Мәмбетовке арналған көшпелі көрме
2025 жылдың 28 қараша күні Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияда ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Маржан Ершудың «Кең Жылыой, салқын самал саялым-ай» атты әдеби кеші өтті.
Шара барысында ақынның еңбек пен ерлікті өз ғұмырында ұштастыра білген соғыс және еңбек ардагері Мәмбетовке арналған «Жалғыз қол» атты жаңа кітабының тұсаукесері жасалды. Әдеби кеш аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі соғыс және еңбек ардагері Тұрдығали Мәмбетовке арналған арнайы көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрмеге ардагердің жеке құжаттары, қызмет жолынан сыр шертетін фотосуреттері, әр жылдары алған орден-медальдары мен өзге де құнды жәдігерлері қойылды. Көрмені шараға келген мәдениет және білім саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ ардагердің ұрпақтары мен ағайын-туыстары тамашалады.










