Қор іріктеу комиссиясының отырысы
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 19 қыркүйек күні Қор іріктеу комиссиясының III – тоқсандағы кезекті отырысы өтті. Отырыста жәдігерлерге сараптамалық-іріктеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде облыстық музейге және Құрманғазы, Индер аудандық бөлімшесі қорларына музейлік мәні бар заттар іріктеліп, комиссияға төмендегідей жәдігерлер ұсынылды.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына қабылданған жәдігерлер қатарында XIX ғасырға тиесілі әйел адамның комзолы, жібекті көйлек, бешпент, әскери киім (китель), сөмке, әйнек вазалар, терме алаша, сондай-ақ іс-шара барысында тапсырылған фотосурет(кітап тұсаукесері) музей қорын толықтырды.
Құрманғазы аудандық музей қорына Алаш қайраткері, заңгер, көрнекті қоғам қайраткері Танашев Уалитханның фотосуреттері, құжаттары мен хаттары, Қоғам қайраткері, ағартушы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, этнограф, күйші Мұхамеджан (Мақаш) Шолтырұлы Бекмұхамбетовтың фотосуреті мен құжаттары және орден-медаль көшірмелері, өзі ұстап тұтынған жез ыдыстар (құман, сүт құйғыш,қант салғыш), Бекмұхамедов Мұхамеджан (Мақаш әкім) Шолтырұлының шөбересі, ғалым-агротехнолог, ауылшаруашылық ғылымының докторы, профессор Бекмұхамбедов Еркін Лутфоллаұлының фотосуреттері мен құжаттары, киімдері мен кітаптары, Ұлы Отан соғысы ардагері, ұстаз, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Нәубет Кушекбаевтың құжаттары мен медальдары, төсбелгілері, әскери киімдері қабылданды. Индер ауданына қабылданған жәдігерлер қазақтың тұңғыш бард ақыны, сазгер, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Табылды Досымовқа арналған естелік кітап және сахналық шапаны мен Индер ауданының Еңбек және соғыс ардагері Ізтілеу Көпбаев Әлдіұлының фотосуреттері, құжаттары аудандық музей экспозицияларын толықтыратын болады.










