Зерттеу жұмыстары





Ынтымақтастық меморандум



        2025 жылдың 26 қыркүйек күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі мен ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихи-мәдени мұраны қастерлеуге баулу, сондай-ақ әскери қызметшілердің мәдени деңгейін арттыруға және білімін толықтыруға бағытталған бірлескен шараларды жүзеге асыру.

Ынтымақтастық аясында:
• Тақырыптық экскурсиялар, дәрістер мен кездесулер өткізу;
• Әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастыру;
• Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
         Бүгінгі шара аясында музей қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне экспозициялық залдар бойынша экскурсия жүргізіп, өңір тарихы мен мәдени құндылықтары туралы мол мағлұмат берді. Бұл келісім жас ұрпаққа тарих пен мәдениетті дәріптеу және патриоттық тәрбие беру ісінде маңызды қадам болып табылады.