«Шығыс пен батыс тоғысқан сарайшық: ұлы даладағы тарих және мәдениет» халықаралық ғылыми симпозиум
2025 жылдың 17–18 қараша күндері Атырау қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мәдениеті озық елдің рухы биік» атты мақаласында атап көрсетілген ортағасырлық Сарайшық қалашығын жаңғырту бастамаларын жүзеге асыру мақсатында «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Симпозиумның негізгі мақсаты - Сарайшық қалашығының тарихи, саяси және мәдени маңызын жан-жақты зерттеу, оны жаңғырту және ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықты нығайту болып табылады. 17 қараша күні Салтанат сарайында симпозиумның пленарлық отырысы өтіп, оған еліміздің мәдениет және ғылым саласының өкілдерімен қатар халықаралық ұйымдардың мамандары қатысты. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Есбай Амангелді және Мәжіліс депутаты Әбіл Еркін құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен ғылымды дамыту бағытындағы маңызды ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар «ТҮРКСОЙ музейлер одағының» бас үйлестірушісі, тарих ғылымдарының докторы Барыш Джавид Мовсюмлю, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Қазақстандағы өкілі Серік Нұрмолдаев және Түркі академиясының бас эксперті Тимур Козырев түркі дүниесінің мәдени байланыстары жөніндегі өз көзқарастарын ортаға салды.
Пленарлық отырысқа модераторлықты ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов атқарды. Отырыс барысында отандық және шетелдік жетекші ғалымдар Сарайшықтың тарихи орны, Алтын Орда дәуіріндегі маңызы, археологиялық зерттелу деңгейі, қайта жаңғырту жұмыстары және Түркі әлеміндегі рөлі туралы мазмұнды ғылыми баяндамалар жасады. Баяндамашылар қатарында Юлай Шамильоглу, Олжас Шариязданов, Александр Қадырбаев, Мухаррем Чекен, Мехрибану Глаудинова, Зиябек Қабылдинов, Дмитрий Воякин, Жақсылық Сәбитов және Ақан Оңғар болды. Ұсынылған ғылыми зерттеулер Қазақстанның ортағасырлық тарихын тереңірек түсінуге және Сарайшықтың мәдени мұрасын кеңінен танытуға елеулі үлес қосты. Жиын барысында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің халықаралық «ТҮРКСОЙ Музейлер Одағының» құрамына қабылданғаны жөніндегі сертификат ұйымның бас үйлестірушісі Джавид Мовсюмлю тарапынан музей директоры Мұхамбетқали Кипиевке табысталды. Бұл оқиға өңір музейінің халықаралық деңгейде танылуына және мәдени байланыстарды дамытуға маңызды қадам болды.
Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» халықаралық ғылыми симпозиумы Абай орталығында үш секциялық отырыспен жалғасын тапты. Секциялық отырыстарға отандық және шетелдік белгілі ғалымдар қатысып, ортағасырлық мұраны сақтау, зерттеу және жаңғырту бағытындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Бірінші секциялық отырысты Халықаралық архитектура академиясының профессоры Сәдуақас Ағытаев пен Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, архитектура ғылымдарының докторы Мехрибану Глаудинова жүргізді. «Ортағасырлық тарихи-мәдени мұраларды қалыпқа келтіру және жаңарту мәселелері» деп аталған бұл секцияға Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Қазақстан және Украина–Қазақстан ғалымдары қатысып, ортағасырлық қалалар мен археологиялық нысандарды сақтау, оларды қалпына келтіру және зерттеудің қазіргі жағдайына қатысты баяндамалар жасады. Зерттеушілер тарихи-мәдени мұраларды консервациялау, археологиялық материалдарды өңдеу, қалаларды туристік әлеуетпен байланыстыру, жаңа технологияларды қолдану, жәдігерлерді ғылыми тұрғыдан атрибуциялау сияқты мәселелерді көтеріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Баяндамаларда ортағасырлық Тараз архитектурасын зерттеу, ескерткіштерді реконструкциялау әдістері, археологиялық материалдарды реставрациялау, артефактілерді консервациялау тәсілдері, Алтын Орда дәуірінің киім үлгілерін атрибуциялау, Қазақстандағы ортағасырлық қалаларды қалпына келтіру және Сарайшық пен оған жақын орналасқан өзге ескерткіштерді зерттеу мәселелері қамтылды. Ғалымдар ортағасырлық ескерткіштерді сақтау мен жаңғыртудың ғылыми-тәжірибелік маңызын атап өтіп, Сарайшық және өңірдегі басқа да археологиялық орталықтардың тарихи-мәдени әлеуетін туризммен және инфрақұрылыммен байланыстыра дамыту қажеттігіне назар аударды.

Екінші секция «Ортағасырлық Сарайшық Қазақстан және шетел тарихнамасы призмасында: жетістіктері мен зерттеу мәселелері» бағыты бойынша өтті.Бұл отырысқа модераторлықты Жошы Ұлысын зерттеу институтының директоры, PhD дәрежесіне ие Жақсылық Сәбитов және Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Сайфулла Сапанов атқарды. Секцияға Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан және Өзбекстан елдерінен келген тарихшылар, археологтар, түркологтар мен нумизматтар қатысып, Сарайшық пен Жошы Ұлысы тарихының қазіргі зерттелу деңгейі мен жаңа деректерін саралады. Қатысушылар Алтын Орда мен Ноғай Ордасының саяси-мәдени кеңістігі, ортағасырлық жазба деректердің ғылыми айналымы, археологиялық кешендердің маңызы, нумизматикалық материалдарды зерттеу әдістері және халықаралық тарихнамадағы жаңа бағыттарға қатысты мәселелерді талқылады. Баяндамаларда Сарайшық атауының этимологиясы, ХІХ ғасырдағы зерттеулер, XVI ғасыр деректері, Жошы Ұлысы кезеңіндегі сөздік нұсқалары, батыс өңірдегі ортағасырлық қалалар, Сарайшықтағы хандар пантеоны және өңірдегі өзге тарихы маңызды нысандарды жаңғырту мәселелері көтерілді. Ғалымдар Сарайшықтың Жошы Ұлысы мен Алтын Орда тарихындағы стратегиялық орны мен мәдени маңызын жан-жақты айқындап, ортағасырлық қалаларды зерттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті.
Үшінші секциялық отырыс «Тарихи-мәдени мұра объектілерінің инфрақұрылымын дамыту және туристік аймаққа айналдыру» тақырыбына арналды. Отырысқа Визит Атырау туристік ақпараттық орталығының директоры Нұрлыбай Болатбек және орталық директорының орынбасары Ляззат Сұлтанова модераторлық етті. Секция жұмысына Қазақстан мен Әзербайжанның музей мамандары, туризм саласының өкілдері және ғылыми-зерттеу ұйымдарының сарапшылары қатысып, мәдени мұра инфрақұрылымын жетілдіру, музей ісін дамыту, туристік әлеуетті арттыру және ортағасырлық нысандарды туристік бағыттарға бейімдеу мәселелерін талқылады. Баяндамаларда Атырау облысындағы туризмді дамыту перспективалары, музейлердің мәдени туризмді дамытудағы рөлі, тарихи нысандарды қорғау мен оларды туристік маршруттарға енгізу тәжірибесі, этномәдени әлеуетті пайдалану, музей-қорықтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау және өңірдегі ортағасырлық мекенжайларды туристік аймаққа айналдыру мәселелері қарастырылды. Отырыста өңірдің туристік тартымдылығын арттыру үшін кешенді зерттеу жүргізу, мәдени нысандарды цифрландыру, инфрақұрылымды жетілдіру және тарихи орындарды заманауи талаптарға сай дамыту қажеттігі атап өтілді.
Осылайша симпозиумның секциялық отырыстары Сарайшық пен Ұлы дала кеңістігіндегі өзге де ортағасырлық қалалардың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Ғалымдар мен салалық мамандар тарихи мұраларды жан-жақты зерделеу, ғылыми ынтымақтастықты нығайту және мәдени-туристік инфрақұрылымды ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныстар білдіріп, сараптамалық пікірлер ұсынды. 18 қараша күні “Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет” халықаралық ғылыми симпозиумның қорытынды сессиясы Сарайшықта өтті. Симпозиум қатысушылары Махамбет ауданының Сарайшық ауылындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына барып, оның ғылыми-зерттеу және музейлік қызметімен жан-жақты танысты. Алдымен ғалымдар мен зерттеушілер ортағасырлық Сарайшық қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарының барысы, қалашықты қайта қалпына келтіру бағытындағы жобалар, олардың ғылыми және мәдени маңызы жөнінде толық ақпарат алды.
Қатысушылар қалашық аумағындағы қамал қақпасының реконструкция үлгілерін, қазба үстіне салынған шыны жабындыларды, артефактілерді сақтау мақсатындағы консервациялық элементтерді және жер үстіне орнатылған ағаш жүргінші жолдарын көріп, жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарының қазіргі бағыттарымен танысты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының бас директоры Олжас Шариязданов қатысушыларға Сарайшық қалашығын қалпына келтіру және дамыту бойынша жүзеге асып жатқан жобалар жөнінде мазмұнды презентация ұсынып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Қорытынды сессияға Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Арғынбеков модераторлық етті. Симпозиумның үш секциясы бойынша жасалған негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар «Сарайшық» сапар орталығында талқыланып, қатысушылар бірауыздан симпозиумның қорытынды резолюциясын қабылдады. Шара барысында мамандар ғылыми тәжірибе алмасып, ортағасырлық Сарайшық қаласын зерттеу, оның мәдени-тарихи мұрасын сақтау, жаңғырту және туристік әлеуетін дамытуға арналған жаңа тәсілдер мен өзекті бағыттарды талқылады. Симпозиум Сарайшықтың тарихи-мәдени маңызын терең жаңғыртып, оның мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуді жандандыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға серпін берген маңызды ғылыми алаң ретінде бағаланды. Ортағасырлық қаланың тарихын сақтау, зерттеу және оны әлемдік ғылыми айналымға кеңінен енгізу мәселелері талқыланып, жаңа бағыттар мен маңызды ұсыныстар әзірленді.
Жиын Сарайшықтың бай тарихи мұрасын қорғау, зерттеу және насихаттау жолындағы ілгері қадам болып, оның мәдени-туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік берді. Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті тоғысқан бұл ортағасырлық қалашықтың ғылыми және туристік құндылығы тағы бір мәрте айқындалып, оны дамытуға бағытталған ортақ ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді.